Тізілімге киберқауіптерден қорғауға, ұйымдардың қызметін автоматтандыруға, электрондық құжаттармен жұмыс істеуге, білім беру процесін басқаруға, ақпараттықорғауға арналған және т.б. бағдарламалық шешімдер енгізілді.
Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне бүгінде 39 отандық өнім енгізілген болса, 12 өндірушінің 18 өнімін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Тізілімге осы жылдың басынан бері енгізген.
«Тізілім Қазақстанның АКТ нарығындағы отандық ІТ-өнімдердің үлесін арттыруды және АҚ талаптарына сәйкес келетін бағдарламаларды қолдану арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді», - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші вице-министрі, Министрдің міндетін атқарушы Бағдат Мусин.
Өз өнімін аталған Тізілімге енгізген өндірушілер мемлекеттік сатып алуға біліктілікті алдын-ала іріктеу тәсілімен қатысу құқығына ие болады. Тізілім мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ, бұл бастаманы квазимемлекеттік секторда қолдануды пысықтау жоспарда бар.
2019 жылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Тізілімге енгізілген электрондық өнеркәсіп және бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдері басымдыққа ие тәртіппен сатып алынатынын айтып өткен жөн.
Компанияларға өз өнімдерін Тізілімге енгізу үшін, ең алдымен, Министрлікке «Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне»енгізу туралы өтінім беруі және2018 жылғы 28 наурызда бекітілген Тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес тиісті құжаттарды қоса жолдауы керек.
Қажет құжаттардың толық тізімі мына сілтемеде көрсетілген.
источник: www.gov.kz