Баспагерлер өз контентіне эксклюзивті (айрықша) құқық алмақ
Еурокомиссия авторлық құқықтағы түбегейлі реформа жобасын дайындауда және The Financial Times ақпараты бойынша оның ресми жарияланымы 2016 жылғы қыркүйекке жоспарланған. Еуропалық заң шығарушылардың жаңа жобасындағы негізгі өзгерістердің онлайндық контентке тікелей қатысы бар.
Әзірленген заң жобасының алғашқы нобайында «БАҚ пікірлері плюрализмі, демократиялық пікірталастар мен ақпарат сапасы үшін бұдан былайғы жағымсыз салдарынан ЕО баспа индустриясының тұрақтылығы қауіп-қатер алдында» деп жазылған.
Әзірленіп жатқан заң жобасының соңғы мақсаты баспагерлердің «контентке айрықша құқығын» қамтамасыз ету болып табылады.
Толығырақ :http://www.cnews.ru/news/top/2016-08-26_es_gotovit_lyudoedskuyu_reformu_kopirajta