Microsoft Пентагонмен құны $927 млн техникалық қолдауды іске асыруға келісімшарт жасасты. Компания қызметін АҚШ Қорғаныс министрлігінің Ақпараттық жүйелерді қорғау агенттігі (DISA) пайдаланатын болады. Бұл жөнінде Пентагон ресми мәлімдемесінде хабарлады.
Қорғаныс министрлігі пайдаланатын Microsoft-тың дәл қай өнімі қолдау алатыны белгісіз. Бұл, ОС Windows болуы да, Azure бұлттық сервисі болуы да мүмкін. 2016 жылғы қазанда компания әзірше тестілік режимде жұмыс істеп тұрған Қорғаныс министрлігімен жұмыс істеуге арналған дата-орталықтар ашты.
Толығымен: http://www.cnews.ru/news/top/2016-12-21_microsoft_okazhet_pentagonu_tehpodderzhku_na_927