Ресей Федерациясы Көпшілік коммуникациясы және байланыс министрі Николай Никифиров Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. Отырыс Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіретін ел делегаттары басшылары: РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев, Армения Республикасының премьер-министрі Карен Карапетян, Беларусь Республикасының премьер-министрі Андрей Кобяков, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Қырғыз Республикасының премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков және Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянның қатысуымен өтті.
Қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтағы біріктіруші әлеуетке ие экономика саласын, одақтың 2025 жылға дейінгі сандық күн тәртібін іске асырушы негізгі бағыттары мен бірқатар басқа да мәселелерді талқылады. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша ЕАЭОсандық күн тәртібін іске асыратын негізгі бағыттарды анықтау жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобын құру туралы шешімін қабылдады.
Толығырақ: http://minsvyaz.ru/ru/events/36575/