Қырғызстан 1994 жылдан Халықаралық электр байланысы (ХЭБО) одағының мүшесі. Келесі жылы ел өз кандидатурасын уәкілетті конференцияда ұйым кеңесінің мүшелігіне ұсынбақ ниетте. Қырғызстан сайлауға дайындық аясында ХЭБО іс-шараларына белсенді қатысуда.
Делегация бірнеше күн бұрын Азия-Тынық мұхит аймағы елдеріне арналған ХЭБО Электр байланысын дамытудың бүкіләлемдік конференциясының Аймақтық даму форумында және Аймақтық дайындық жиналысына қатысты. ҚР Мемлекеттік ақпараттық технологиялар және байланыс комитетініғ басшысы Бақыт Шаршембиев Индонезия Коммуникациялар және ақпараттық технологиялар министлігінің бас хатшысы Фарида Двимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында делегаттар Қырғыз Республикасы мен Индонезияның алдағы ХЭБО кеңесіне ұсыну мәселесін талқылады, нәтижесінде осы бағыттағы жұмыстарды жалғасытур туралы екі жақты келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Digital Report.